Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматыда қалың қар жауып жатыр. Көлік жүргізушілеріне қолайсыз ауа райынан көшелерде қозғалыс қиындады. 2GIS мәліметіне сәйкес, кептеліс деңгейі — 10 балл. Қаланың барлық негізгі көшелері «қызыл» және тіпті «қою қызыл» түспен боялған.
Бұған дейін республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтілетінін жазғанбыз.
Фото: СкриншотРеспублика бойынша жел күшейіп, тұман басады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанды.
Еске салайық, Түркістан облысынан Алматыға қарай барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді.