Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған Hyundai Elantra жүргізушісі 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Tengri Auto Алматы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ережебұзушылық бейнеленген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Кадрлардан жүргізушінің Райымбек даңғылында жол таңбаларын елемей, қауіпті маневр жасағанын, сондай-ақ мемлекеттік нөмірсіз және терезесі күңгірттелген көлікпен жүргенін көруге болады.
Полицейлер жүргізушінің жеке басын анықтады.
Ол Алматының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Жол ережесін бұзғаны үшін ол бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, маневр жасау ережелерін бұзу, мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізу, заңсыз терезе күңгірттеу, жол таңбаларының талаптарын сақтамау және тиісті құқықсыз көлік басқару бойынша айыпталды.
Іс материалдары Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
Сот шешімімен жүргізуші 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, оған 100 АЕК-тен аса айыппұл салынды.
Полиция жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.
Тағы оқыңыз: 200 км/сағ жылдамдықпен және нөмірсіз: алматылық заңбұзушы әлеуметтік желілер арқылы табылды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу