Алматыда курьер мен тапсырыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды

19.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматы қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілерде курьерді жауапкершілікке тартуға қатысты таратылып жатқан ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Анықталғандай, курьер тапсырысты тапсыру кезінде өзін дөрекі ұстап, тапсырыс берушіні әдейі жанжалға итермелеген. Ол тапсырыс берушіні «менің қарным ашып тұр» деген сөзді айтуға мәжбүрлеген, әйтпесе тапсырысты бермейтінін айтып қорқытқан.
Курьердің арандатушылық әрекеттері тараптар арасында сөзге келуге себеп болған. Өз кезегінде тапсырыс беруші жанжал барысында бейәдеп сөздер қолданған.
Іс материалдарын қарау нәтижесі бойынша оқиғаға қатысушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олардың әрқайсысына 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
Жауапкершілікке тарту жанжалға қатысушылардың құқыққа қайшы әрекеттеріне байланысты жүзеге асырылды.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сүйенуге және бұрмаланған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады.

«Көрінеу жалған ақпарат тарату заңнамада белгіленген жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін», деп ескертті қалалық прокуратура. 

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғыны 13 млн теңгеге бүйрегін сатпақ болған

Оқиға • Бүгін, 20:45

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы нысана көздеуден 11 медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 20:22

Ресейдегі отандастарымыз жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс бере алады

Референдум • Бүгін, 19:50

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына және ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндікке кепілдік береді

Ата заң • Бүгін, 19:33

Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 19:06

Конституциялық реформа: Экономиканың жаңа басымдықтары айқындалды

Экономика • Бүгін, 18:43

Швеция дәстүрлі оқу материалдарына инвестиция сала бастады

Әлем • Бүгін, 18:36

«Отбасы банк» гимнастшылардың жаттығу залын тартып ала ма? Министрлік түсініктеме берді

Спорт • Бүгін, 18:20

Астаналық әйел АҚШ-қа виза жасатып беремін деп 6 адамды алдап кеткен

Оқиға • Бүгін, 18:10

Ел өңірлерінде алдағы көктемде су тасқыны қаупі бар ма?

Аймақтар • Бүгін, 17:59

Ермахан Ибраимов: Мемлекет – ортақ мақсатқа сүйенгенде ғана қуатты болады

Ата заң • Бүгін, 17:55

Мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары талқыланды

Мектеп • Бүгін, 17:43

Ski Patrol қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған екі адамды аман алып қалды

Оқиға • Бүгін, 17:32

Алматыда жарапазан мәтініне арналған байқау қорытындыланды

Қоғам • Бүгін, 17:19

Жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған күдікті елге экстрадицияланды

Оқиға • Бүгін, 17:10

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью