Алматыда курьер зейнеткерді алаяқтардың арбауынан сақтап қалды

23.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: 24.kz

Тапсырыс бойынша жеткізуге келген курьер зейнеткерден ішінде джинсы шалбары мен бірнеше банкі бар пакетті алған. Курьер пакеттің ішінде не барын сұрағанда, зейнеткер нақты жауап беруден қашқақтаған. Күмәнданған ер адам ары қарай жүруді тоқтатып, бұл туралы дереу полицияға хабарласқан. Түрксіб аудандық полиция қызметкерлері айтылған мекенжайға жедел жетеді. Тексеру барысында зейнеткерге алаяқтардың қоңырау шалғаны анықталды. Олар өзін шетелде жүрген туысы ретінде таныстырып, шұғыл көмек қажет деген сылтаумен әйелді бар жиған-тергенін беруге көндірген.

«Шетелдегі туысыңмын»: Зейнеткерлерді алдаған алаяқ 4 жылға сотталды

Оған қоса, қылмыскерлер оны толық адастыру үшін «декларацияланбаған ақшалай қаражатты тексеру» шарасы жүріп жатқанын айтып, қолма-қол ақшаны жалған декларациялауға тапсыруды талап еткен.

Астаналық зейнеткер 20 млн теңгесінен айырылып қала жаздады

Алаяқтардың арбауына сеніп қалған әйел 3 мың долларын джинсының қалтасына жасырып, пакетке басқа да заттармен бірге салып, курьерге ұстатқан. Курьердің дер кезінде күмәндануының арқасында қылмыскерлердің арам ойы іске аспады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда сәбиімен курьер болып жүрген әйелдің атынан алаяқтар ақша жинаған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью