Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АЛМАТЫ, 30 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында 97617 әскери бөлімі дивизион командир орынбасары майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков баланы азалданиаман алып қалды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
"Достық" дүкенінде бір қыз кенеттен сағызға тұншығып, тыныс ала алмай қалған. Жанында тұрған майор Сәрсенбеков бірден көмекке ұмтылған.
Әскери қызметші көрсеткен алғашқы көмектен кейін қыздың тыныс алуы қалпына келген. Майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков дер кезінде әрі батыл әрекет етуінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.
Әскери бөлімнің басшылығы майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбековтің әрекетін атап өтіп, оның адамгершілігі мен айналасындағыларға деген жауапкершілігін жоғары бағалады.