Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
11 тамызда таңертең Алматының Алатау ауданындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешені маңында өрт шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 10:51-де құтқарушылар Райымбек даңғылына шақыртудың жоғары деңгейі бойынша аттанған. Өрт сөндірушілер барған бойда бір қабатты ғимараттардың шатыры жанып жатқанын анықтады. Бұл ғимараттардың бір бөлігі тұрғын емес нысандар болған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Тілсіз жаудың маңайдағы қоймаға жайылу қаупі туындады. Өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылды.
Сағат 11:27-де өрт оқшауланып, 11:44-те толық сөндірілді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында оттың іргелес қоймаға таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, 3 тамызда Алматы іргесіндегі Ақсай шатқалында қоқыс жанған болатын. Ол кезде оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жедел жеткені хабарланды. Олар өртті оқшаулап, оттың одан әрі таралуын тоқтатты, дегенмен бықсыған ошақтар бар.
Тағы оқыңыз: “Өртке дейін және кейін“: құтқарушылар сирек кадрларды көрсетті
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу