Алматыда Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын әдеби сазды кеш өтті

12.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгін Алматыда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай әдеби-поэтикалық кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

 «Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын» тақырыбымен өткен кездесуге  Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев және келіні Бақыткүл Айдарова, ақын, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып, Сәуле Досжан, Жарас Сәрсек, Бақыт Беделхан, Бақыт Жағыпар сынды белгілі жазушылар мен ақындар, публицисттер, ғалым-зерттеушілер, жастар, мектеп оқушылары мен поэзиясүйер қауым қатысты.

 «Мұқағали Мақатаев деген кезде еске қазақ поэзиясы, қазақтың қара өлеңі келеді. Абайда қара ауыл бар, Махамбеттің қара ойы бар, Мұқағалидың Қарасазы бар, қазақтың қара шаңырағы бар, қара қазаны бар, қара домбырасы бар. Сондықтан да бүгін қара өлеңнің падишасы, қазақтың жарық жұлдызы Мұқағалидың 95 жылдығы құтты болсын!» деді Данияр Әлиев.

Жиынға арнайы келген Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мұқағали ақынның туыс інісі Мұхтархан Қалиұлы ақынға арнаған өлең жолдарын оқып, кітапхана қорына кітаптар сыйға тартты. Дәстүрлі әнші, Мәдениет қайраткері Еркін Шүкіман және әнші, домбырашы Нұржан Жанпейісовтің орындауында ақын сөзіне жазылған әндер шырқалды.

Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері ақиық ақынның шығармалары негізінде «Жас өмір, саған өкпем жоқ» атты сахналық қойылымын ұсынды.

Ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы және келіні Бақыткүл Айдарова ұйымдастырушыларға әулет атынан алғыс білдіріп,

«Барша әулетіміздің атынан осындай ыстық ықылас пен шынайы құрмет көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Қазақ халқы барда, жеріміз гүлденіп, еліміз аман тұрғанда Мұқағалидың рухы мен поэзиясы халықтың рухын көтеріп, әрқашан жасай бермек. Қала басшылығының бастамасымен жүзеге асқан бұл іс-шара ақын  рухына көрсетілген зор құрметтің белгісі болып, болашақта ақын мұрасын дәріптеу жалғасын табатыны сөзсіз», деп атап өтті.

Қарасаз ауылы Албан Асан атындағы орта мектеп-гимназиясы мен М. Мақатаев атындағы №140 мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқып, әдеби шараның шырайын аша түсті.

Іс-шарада ақын шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік жырдың жұлдызы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, арнайы түсірілген бейнеролик көрсетілді.

Мектеп оқушыларына Алматы қаласы Мәдениет басқармасының атынан  Данияр Әлиев алғыс хаттар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар

Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасында тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды

Ата заң • Бүгін, 22:56

Динара Шүкіжанова: Жаңа Конституция бизнестің дамуының берік негізін қалыптастырады

Ата заң • Бүгін, 22:40

Қазақстандық шаңғышы қыздардың жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?

Олимпиада • Бүгін, 22:22

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

Ата заң • Бүгін, 22:15

Ерлан Саиров: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер қарастырылды

Ата заң • Бүгін, 22:01

Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Ауа райы • Бүгін, 21:51

Қазақстан мен Дүниежүзілік банк 2031 жылға дейінгі ынтымақтастық стратегиясын талқылады

Экономика • Бүгін, 21:30

Шет ауданынан шыққан спортшы республикалық асық ату турнирінде жеңіске жетті

Спорт • Бүгін, 20:48

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 6,4%-ға өсті

Өндіріс • Бүгін, 20:29

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға қанша қаражат жұмсалады?

Қаржы • Бүгін, 20:08

Абай облысында алимент өндіру тетігі күшейді

Қоғам • Бүгін, 19:55

Мемлекет басшысы құқық қорғау қызметін күшейтетін заңға қол қойды

Президент • Бүгін, 19:45

Жаңа Конституцияны қолдайтын Жалпыұлттық Коалиция құрылды

Ата заң • Бүгін, 19:35

Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент • Бүгін, 19:29

Үйленгісі келмейтіндер неге көбейді?

Қоғам • Бүгін, 19:10

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью