Алматыда мерзімі өткен дәрілерді жинауға арналған акция өтеді

13.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

«Eco Almaty» ЖШС мәліметінше, тұрғындар дәрі-дәрмектерді қаладағы емханаларда орнатылған арнайы контейнерлерге тапсыра алады.

— Акцияның мақсаты — қоршаған ортаға зиян келтіретін қауіпті заттардың топырақ пен су көздеріне таралуына жол бермеу, сондай-ақ медициналық препараттарды қауіпсіз түрде жоюды қамтамасыз ету, — деп хабарлады компаниядан.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер арнайы лицензиясы бар ұйымдар арқылы, соның ішінде жоғары температурада өртеу әдісімен жойылуы тиіс. Оларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға немесе кәріз жүйесіне төгуге қатаң тыйым салынады. Себебі мұндай әрекеттер қоршаған ортаның ластануына және антибиотиктерге төзімділіктің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Акция таблетка, капсула, май, крем, гель, ампула, құты, шәрбат мен сұйық ерітінді сынды дәрі-дәрмектер қабылданады. Ал шприц, ине, система, мақта, бинт және қанмен жанасқан өзге де медициналық қалдық қабылданбайды. Дәрі-дәрмектерді тапсырар алдында оларды тығыз қаптамаға салып орау керек.

Қазір Алматыда қалалық емханаларда орнатылған 36 экобокс жұмыс істеп тұр. Акция «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Еске салайық, Ақтауда қант диабетіне шалдыққан науқастар тегін дәріден қағылып, тығырыққа тірелді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью