Алматыда науқас әйелге рентген сәулесін қолданбай ота жасалды

27.01.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматы қалалық кардиология орталығында жүкті әйелге алғаш рет рентген сәулесін қолданбай бірегей ота сәтті жасалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құрсағына бала біткеніне 23 апта болған әйелге «туа біткен жүрек ақауы» диагнозы қойылған еді. Науқасқа ота жүректің эхокардиографиясы (УДЗ) бақылауымен жүргізілді. Ота жергілікті жансыздандыру арқылы жасалды. Осы тәсілдің арқасында ана мен құрсақтағы бала үшін рентген сәулесінің қаупі толықтай жойылды.

Бұған дейін әйел кардиологтың тұрақты бақылауында болған. Жүктілік мерзімі ұлғайған сайын жүрекке түсетін жүктеме артып, жағдайы нашарлаған. Осыған байланысты шұғыл ота жасау туралы шешім қабылданды.

Отаны Қалалық кардиология орталығының интервенциялық кардиологтары UMC Жүрек орталығының (Астана) мамандарымен бірлесіп өткізді. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты. Ана мен баланың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жүктілік дәрігерлердің тұрақты бақылауымен жалғасуда.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью