Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Бұл туралы 2026 жылы 1 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады:
"Жиынға мәдениет пен өнер қайраткерлері, жазушылар, архив ісінің мамандары және ақын шығармашылығының жанашырлары қатысты. Кездесуде Олжас Сүлейменовтің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі, қоғамдық қызметі және шығармашылық мұрасының маңызы сөз болды".
Іс-шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылық жолының әр кезеңінен сыр шертетін архивтік фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Бүгінде архив қорында Олжас Сүлейменовке қатысты жүзге жуық құжат сақтаулы.
Мәдени іс-шараны Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архиві Almaty Museum of Arts музейімен және ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Бұған дейін еліміздегі Ұлттық музейге жаңа мәртебе берілгені хабарланған.