Алматыда оқитын 221 мың студенттің 145 мыңы өзге өңірлерден келген

20.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының мәліметінше, мегаполистің жоғары оқу орындарында 221 мыңнан астам студент бар, олардың 145,4 мыңы – өзге өңірлерден келген жастар. Қазіргі уақытта қалада 46,2 мың орынға арналған 136 жатақхана жұмыс істейді. Дегенмен, шамамен 11,6 мың орын тапшылығы сақталып отыр.

Жаңа жатақханалар құрылысын үйлестіру мақсатында ел бойынша бірыңғай жобалық кеңсе құрылған. 2023–2025 жылдары жобалық кеңсе аясында Алматыда студенттерге арналған 43 нысан қолданысқа берілді.

Атап айтқанда:

– 2023 жылы 3 969 орындық 14 жатақхана;

– 2024 жылы 4 304 орынға арналған 16 нысан;

– 2025 жылы 4 500 орындық 13 жаңа жатақхана ашылды.

Еске салайық, былтыр Алматыда ахуалдық және дағдарыс орталықтарына қанша студент жүгінгенін жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью