Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Алматы полициясының жоспарлы оқу-жаттығуы барысында жарық-дыбыстық граната мерзімінен бұрын іске қосылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Оқиға болған аумақта бөлімше қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.
"Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпарат көздерінде тараған қызметкерлердің жаппай зардап шеккені және олардың ауыр халде екендігі туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді", - делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Ведомство азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.