Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алматы қаласында қазақстандық технологиялар негізінде өндірістік қалдықтардан құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Фото: gov.kz
Жоба Satbayev University ғалымдарының қатысуымен отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылған. Ғылыми топ рецептураларды әзірлеуден және шикізатты іріктеуден бастап технологиялық процестерді баптауға және сериялық өндірісті іске қосуға дейінгі жұмыстардың толық циклін қамтамасыз етті.
Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың университеттер жанынан технологиялық парктер құру және ғылымды өнеркәсіп саласына интеграциялау жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында іске асырылады. Diatomite зауыты – Satbayev University базасында жүзеге асырылып жатқан Technopark Stroytech ірі инновациялық жобасының құрамдас бөлігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауына ие болған жоба Satbayev University, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Металлургия және кен байыту институты, сондай-ақ индустриялық серіктес – «Savenergy» компаниясының қатысуымен жүзеге асады.
Курчатов ғылым қалашығына айналады: Даму жоспары әзірленді
«Бұл жоба – университеттердің тек кадр даярлау орталығы ғана емес, сонымен қатар индустриялық дамудың драйверіне айналуының нақты үлгісі. Мұндай тәжірибені еліміздің барлық өңірінде кеңінен тарату жоспарланып отыр», деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Жоба жергілікті минералдық шикізат пен қайта өңделген өнеркәсіптік қалдықтарды пайдалануды көздейді. Satbayev University профессоры-зерттеушісі Руслан Нұрлыбаевтың айтуынша, әзірленген технологиялар жаңа құрылыс материалдарын жасап қана қоймай, оларды өнеркәсіптік өндіріске сәтті енгізуге мүмкіндік берді. Осылайша, бұрын пайдаланылмаған қалдықтар құрылыс саласы үшін сұранысқа ие ресурсқа айналып, экологиялық жүктемені азайтуға және өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Тоқаев жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді
Қолданылатын технологиялық шешімдер патенттермен қорғалған. Өндірілетін құрылыс қоспалары жоғары беріктік сипаттамаларына ие, ұлттық стандарттарға сәйкес келеді және тиісті сертификаттаудан өткен. Өнімдер қазірдің өзінде отандық құрылыс компаниялары тарапынан қолданылып, олардың сапасы мен нарықтағы сұранысын растап отыр.
Жаңа Конституциясында айқындалған елдің стратегиялық бағытын іске асыру аясында білім мен технологияға негізделген экономиканы дамыту айрықша маңызға ие. Осыған байланысты ғылыми қауымдастықты экономиканың қолданбалы салалық міндеттерін шешуге тарту басым бағыттардың бірі.
Кәсіпорын базасында жаңа буын мамандарын даярлауға арналған оқу-зертханалық кешен жұмыс істейді. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулерге қатысуы, сондай-ақ инновациялық құрылыс материалдарын сынақтан өткізу көзделген.
Алдағы уақытта өнім түрлерін кеңейту, өндірістік қуаттарды арттыру және технологиялық шешімдерді еліміздің өзге өңірлеріндегі ұқсас кәсіпорындарда енгізу жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар
«Артемида-2» миссиясы: Ғарышкерлер Айға жақындап қалды
Әлем • Бүгін, 15:10
2 мыңға жуық: Қазақстан азаматтары Таяу Шығыстың қай елдерінде есепшот ашқан?
Қазақстан • Бүгін, 15:00
Қоғам • Бүгін, 14:49
Ақтөбе облысында көпқабатты тұрғын үй салынуы тиіс жер мемлекет меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Екі қызметкер зардап шекті: Атырау облысында полицейлерге шабуыл жасағандар ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:37
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады
Ауа райы • Бүгін, 14:23
Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Психологиялық қолдау: Гвардейск гарнизонында әскерилердің тәртібі талқыланды
Әскер • Бүгін, 13:50
Елордалық тұрғын 20 млн теңгесінен айырылды: Алаяқтар байланыс операторының атын жамылған
Оқиға • Бүгін, 13:38
715 заңбұзушылық анықталды: Алматыда автокөліктерге экологиялық бақылау күшейді
Аймақтар • Бүгін, 13:25
I тоқсан қорытындысы: Спортшылар ел қоржынына 200 медаль салды
Спорт • Бүгін, 13:12
6 жылға сотталған Жақсылық Омар мерзімінен бұрын босап шыға ала ма? Прокуратура түсініктеме берді
Қоғам • Бүгін, 12:57
Заңсыз кәсіпкерлік: Трансұлттық қылмыстық топ мүшесі Ресейден экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 12:40
«Таза Қазақстан»: Биыл Алматыда 550 мыңнан астам ағаш отырғызылады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:33
Шөптікөл бөгетіндегі қазіргі ахуал: Сабынды ауылында су тасқыны қаупі жойылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:17