Алматыда Панфилов дивизиясының 85 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті

11.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматыда аңызға айналған Панфилов дивизиясының құрылғанына 85 жыл толуына арналған еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

© Sputnik/Ертай СарбасовВозложение цветов к Вечному огню в парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы

Возложение цветов к Вечному огню в парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы

© Sputnik/Ертай Сарбасов

1941 жылы 12 шілдеде небәрі екі апта ішінде 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Кейін Мәскеуді қорғауда көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін дивизияға оның қолбасшысы, Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловтың есімі берілді.

© Sputnik/Ертай СарбасовВозложение цветов к Вечному огню в парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы

Возложение цветов к Вечному огню в парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Мерейтойлық шара аясында ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен Алматы тұрғындары 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

© Sputnik/Ертай СарбасовВозложение цветов к Вечному огню в парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы

Возложение цветов к Вечному огню в парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованың айтуынша, бұл іс-шара Қазақстанда 1941 жылы құрылған әскери құрамаларды ұлықтауға арналған кең көлемді еске алу бағдарламасының бастамасы болды.

© Sputnik/Ертай СарбасовВозложение цветов к Вечному огню в парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы

Возложение цветов к Вечному огню в парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы

© Sputnik/Ертай Сарбасов

"Әрі қарай 1942 жылы жасақталған дивизиялар мен әскери бөлімдердің тарихына тағзым етеміз. Тарихи жадымызды сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз. Бұл сабақтастық қаншалықты нәзік көрінгенімен, ешқашан үзілмейді деп сенемін", – деді Алуа Байқадамова.

© Sputnik/Ертай СарбасовВозложение цветов к Вечному огню в парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы

Возложение цветов к Вечному огню в парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Алуа Байқадамова ұзақ жылдар бойы Панфилов дивизиясының жауынгерлік жолына қатысты мұрағаттық құжаттар мен тарихи деректерді жүйелі түрде жинап келеді.

Ол анасы Валентина Панфилованың еңбегін жалғастырып, бүгінде Алматыдағы Жауынгерлік даңқ музейін басқарады. Сонымен қатар музейге келушілерге экскурсияларды өзі өткізіп, дивизияның тарихын мұрағаттық құжаттар мен нақты деректерге сүйене отырып баяндайды. Бұл ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мен тарихи дәлдігін айқындай түседі.

© Sputnik/Ертай СарбасовВозложение цветов к Вечному огню в парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы

Возложение цветов к Вечному огню в парке им. 28 гвардейцев-панфиловцев в Алматы

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Еске алу рәсімі барысында Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловтың есімі берілген 37-десанттық-шабуылдау бригадасына Панфилов дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі салтанатты түрде табысталды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью