Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Алматыдағы пластикалық хирургия клиникаларының бірінде кәсіпкер әрі блогер әйелдің қаза болғаны туралы ақпарат тарады.
Кейбір БАҚ-тың мәліметінше, әйел липосакция процедурасына келген, алайда клиникада оның жүрегі сыр беріп, жағдайы күрт нашарлап кеткен.
Алматы қалалық полиция департаменті әйелдің көз жұмғанын растады.
"15 мамыр күні жеке клиникалардың бірінде Алматы қаласының 53 жастағы тұрғыны көз жұмды. Осы дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады", – деп хабарлады полиция.