Алматыда полицейлер электрсамокаттарға ауысты

02.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматыда "STOP бұзушылық" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Көшелерді патрульдеуге ондаған полицей электрсамокатпен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда "STOP бұзушылық" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Көшелерді патрульдеуге ондаған полицей электрсамокатпен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, самокат патрульдерінің құрамына учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері кірді. Негізгі назар жалпы білім беретін оқу орындары маңына және оған іргелес көше-жол желілеріне аударылды.

"Басқа өңірлерден келген полиция экипаждары": ІІМ күшейтілген тексерістерге қатысты пікір білдірді.

Бір күннің қорытындысы бойынша электрсамокаттарын пайдалану қағидаларын бұзудың 70 дерегі анықталды, оның ішінде 10 жағдайда кәмелетке толмағандардың басқару деректері тіркелді. Кикшеринг компанияларымен бірлесіп, құқық бұзушылықтарға жол берген пайдаланушылардың 7 аккаунты бұғатталды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың 3 заңды өкілі балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

"Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың электр самокаттарын қалай және қай жерде пайдаланатынына ерекше назар аударуларыңызды сұраймын. Кәмелетке толмағандарға мұндай көлік құралдарын басқаруға жол берілмеуі тиіс. Бұл - ең алдымен олардың қауіпсіздігі мәселесі. Сіздердің жауапкершіліктеріңіз – ықтимал тәуекелдердің алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу", - деді Алматы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Жаңа маусым – жаңа ережелер

Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ Қазақстанда электр самокаттарды жалға беру қызметтері үшін жаңа ережелер енгізілетінін хабарлаған болатын. Енді әрбір самокатқа мемлекеттік нөмір берілуі тиіс.

Сондай-ақ электросамокаттарды пайдалану ережелеріне енгізілетін өзгерістер талқыланған. Қыс кезінде ІІМ ұсыныстарды пысықтап, қатаң талаптар дәзірледі.

Бұдан бөлек, Мәжіліс құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Құжатта жалға берілетін электр самокаттар көлік құралдары тізбесіне енгізілді, енді оларды басқару үшін тіркеу нөмірі мен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру талап етіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью