Алматыда полиция автобус жүргізушісін ұрған жолаушыны іздеп жатыр

27.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматыда жолаушы жүріп бара жатқан автобустың жүргізушісін ұрған. Қазіргі уақытта тәртіп бұзған адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Жолаушы тола автобусты жүргізіп бара жатқан жүргізушіні ер адам ұрып-соққан. Қоғамдық көлік дереу тоқтап, жолаушы біткен қорыққанынан сыртқа лап қойған. Кейіннен ер адам мен жүргізуші өзара жанжалды шешу үшін аулаққа кеткен. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.

"Наурызбай ауданының полиция басқармасы бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Жанжалдың барлық қатысушысы анықталады", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті.

Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Заңға сәйкес шара қабылданады, дейді полиция.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью