Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Бүгін Алматыдағы Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығын полиция қоршауға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған видеода полицейлердің сауда орталығына кіретін есіктерді жауып тастағаны көрінеді. Оқиға орнында кинологтар мен каска киген тәртіп сақшылары да болған.
Алматы қалалық полиция департаменті шектеу шараларының себебін түсіндірді. Сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу жіберілді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш заттың бар екені расталмады", – деп хабарлады полиция.