Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Іс-шараға ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кеш аясында «Қабдеш Жұмаділов. Библиографиялық көрсеткіш» атты басылымның таныстырылымы өтті. Жинаққа қаламгердің шығармалары мен түрлі жарияланымдары топтастырылған.
Қатысушылар жазушының қазақ әдебиеті мен ұлт руханиятының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар жазушының шығармашылық жолынан сыр шертетін ауқымды әдеби көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Халық жазушысы, қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдық мерейтойына орай 84 іс-шара ұйымдастырылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев айтты.