Алматыда Қайрат шағынауданы бұзылмайтын болды Бас жоспардағы өзгеріс

16.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматының Бас жоспарына сәйкес, Қайрат шағын ауданындағы жер телімдерінің нысаналы мақсатын "ЖТҚ"-дан "көппәтерлі тұрғын үй құрылысына" өзгерту жоспарланған болатын. Алайда түзетулерден кейін бұл идеядан бас тартылды, деп хабарлайды ТengriНome қаланың жаңартылған, бірақ әлі бекітілмеген Бас жоспарына сілтеме жасап.

Поделиться

Алматының Бас жоспарына сәйкес, Қайрат шағын ауданындағы жер телімдерінің нысаналы мақсатын "ЖТҚ"-дан "көппәтерлі тұрғын үй құрылысына" өзгерту жоспарланған болатын. Алайда түзетулерден кейін бұл идеядан бас тартылды, деп хабарлайды ТengriНome қаланың жаңартылған, бірақ әлі бекітілмеген Бас жоспарына сілтеме жасап.

30 маусымда Алматыда "Қаланың Бас жоспарын түзетуді стратегиялық экологиялық бағалау аясында" қоғамдық тыңдаулар өтеді. Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтында жарияланған құжаттарға сәйкес, билік Қайрат шағын ауданын бұзу ниетінен айныды.

"Скрининг кезеңіндегі қоғамдық қатысудың негізгі нәтижесі Түрксіб ауданының Қайрат ш.а. бойынша шешім болды: тұрғындар Бас жоспарда қарастырылған жеке тұрғын үй құрылысын кезең-кезеңімен қайта ұйымдастыруға қарсы ұжымдық өтініш берді. Тұрғындардың өтініші қанағаттандырылды - Бас жоспар жобасына Қайрат ш.а. жеке тұрғын үй құрылысын бұрын қарастырылған бұзу жұмыстарынсыз сақтап қалуды бекітетін түзету енгізілді", - делінген Алматы Бас жоспарын түзетуді стратегиялық экологиялық бағалау туралы есепте.

Енді "Шығыс қақпасы" полиорталығын жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) аймағына тиіспей, бос жатқан жер телімдерінде дамыту жоспарланған.

"Екінші маңызды жағдай Маяк ш.а. көлінің экожүйесін қорғау бойынша жұртшылықтың үндеуі болды. Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) мамандарының табиғи зерттеуі бұл аумақта құстардың кемінде 20 түрін тіркеді, бұл нысанның табиғатты қорғау тұрғысынан жоғары құндылығын көрсетеді. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша Бас жоспарда жағалау аймағында рұқсатсыз шаруашылық қызметке тыйым сала отырып, көлдің табиғи ландшафтын сақтау және жағалауды нығайту мен рекреациялық іс-шараларды ұйымдастыру қарастырылған", - делінген жарияланған құжаттарда.

Жаңа құрылыстың негізгі аймақтары ретінде дамудың батыс бағыты (Наурызбай, Алатау аудандары) және қаланың солтүстігіндегі өндірістік аумақтарды редевелопменттеу айқындалды.

2023 жылдың ақпанында Қайрат шағын ауданының тұрғындары үйлерді бұзуға және жер телімдерін көпқабатты құрылысқа беруге қарсы ұжымдық үндеу жолдаған болатын. Олар Алматының Бас жоспарын Қайрат шағын ауданы аумағын Ж1 аймағынан (үй маңындағы құрылыс) Ж4 аймағына (көппәтерлі тұрғын үй құрылысы) ауыстыру бөлігінде өзгертуді тоқтатуды талап етті.

Тағы оқыңыз: Алматының жаңа Бас жоспары қашан бекітіледі: мерзімі белгілі болды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Алматы шағынаудан тұрғындар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью