Алматыда қар жауып, тұман түседі: жүргізушілерге ескерту жасалды

08.12.2025

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазгидромет 8-10 желтоқсанда Алматыда жаңбыр мен қар, тұман және жел күшейеді деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет 8-10 желтоқсанда Алматыда жаңбыр мен қар, тұман және жел күшейеді деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, 10 желтоқсанға қараған түні кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Қалада – 6–9 см, таулы аймақтарда – 15-20 см. 11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын тоқтап, түнгі температура –13…–15°C-қа дейін төмендейді.

Бұл ретте коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Жүргізушілер, механизаторлар және жұмысшылар тәулік бойы кезекшілікке қойылған.

"Қалалық құтқару қызметі 15 техника мен 50 қызметкерді дайындады. ТЖД – 53 техника және 244 қызметкер дайындаған. Әкімдік, аудан әкімдіктері, "Алматы Тазалық" және мердігер ұйымдарда жұмыстарды бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қар жауар алдында магистральдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі", - делінген хабарламада.

Тұрғындарға ұсыныс:

жүргізушілерге – көлік дөңгелегін қысқы шиналарға ауысу, жылдамдықты төмендету және шұғыл бұрылмау; тәжірибесі аз жүргізушілерге – мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану; жүргіншілерге – тайғақ тротуарда сақ болып, шатырдан қар түсу қаупіне байланысты ғимараттарға тым жақын жүрмеу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью