Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғимаратынан қараусыз қалған сөмке табылып, студенттер мен оқытушылар эвакуацияланды.
Оқиға орнына қалалық жедел қызметтер жетті. Алғашында университетке бомба қойылғаны туралы ақпарат тараған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында сөмкенің студенттердің біріне тиесілі екені анықталды. Оның ішінде оқу құралдары болған. Қауіпті заттар табылған жоқ.
Полиция азаматтарды күмәнді немесе қараусыз қалған заттарды байқаған жағдайда, оларға жақындамауға, ұстамауға және орнынан қозғамауға шақырды. Мұндай жағдайларда дереу 102 нөміріне хабарлау қажет.