Алматыда қазандық пен жылу желілерін жөндеуге 10 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді

04.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазір Алматыда Масанчы көшесі бойындағы жылу магистралі жөнделіп жатыр. Сондай-ақ "Жұлдыз" шағынауданындағы қазандықты және өзге де желілерді реконструкциялауды бастау жоспарланған.

Поделиться

Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының 2026 жылға арналған бюджетінде жылу энергетикасы жүйесін дамытуға 10 миллиард теңге қарастырылған. Оның 2,4 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, ал 7,6 миллиард теңгесі әкімдіктен бөлінеді.

Тағы 1,6 миллиард теңгені инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға жұмсау жоспарланып отыр. Мұндай деректер басқарма сайтында жарияланған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтамада келтірілген.

Тengri Нome редакциясы бұл қаражатқа қандай жобалар және қай жерде жүзеге асырылып жатқанын білу үшін энергетика басқармасына сауал жолдады.

Ведомство мәліметінше, қазір Масанчи көшесіндегі жылу магистралі реконструкцияланып жатыр. Бұл құбырдың пайдалану мерзімі баяғыда өткен (30 жылдан астам). Жөндеу жұмыстары алматылықтарды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Бұдан бөлек, екі жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға дайындық жүріп жатыр: олар - Түрксіб ауданындағы "Жұлдыз" қазандығын реконструкциялау және ТК3-14-тен ТК3ар-10-ға дейін ТМ-3ар жылу магистралін реконструкциялау", - деп хабарлады басқарма.

Қазандық "Жұлдыз-1" және "Жұлдыз-2" шағынаудандарының тұрғындарын жылумен және ыстық сумен қамтуы тиіс. Ол жұмыс істеп тұрған нысанның орнына салынып жатқандықтан, жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі.

"Нысанды реконструкциялау кезіндегі негізгі талап - қазандық құрылыс кезеңіне қарамастан жұмыс істеп, тұтынушыларға жылу мен ыстық су беру тоқтатылмауы тиіс. Бұл талап коммуникацияларға қосылып, кезең-кезеңімен бөлшектеуді және кезең-кезеңімен салуды көздейді", - делінген 2025 жылы қоғамдық тыңдаулар үшін Экология министрлігінің экопорталында жарияланған жобаның жұмыс құжаттарында.

Жоспар бойынша:

қазандық; оған іргелес құрылыс; сорғы станциясы; мазут сақтайтын жер асты резервуарлары; түтін мұржасы; аккумуляторлық бактар; қоймалар бөлшектеледі.

Қалған нысандар - трансформаторлық қосалқы станция, бақылау-өткізу пункті және инженерлік желілер реконструкцияланады.

"Жұлдыз" қазандығы картада. Жоба бойынша жұмыс құжаттарынан алынған сызба

Қазандық газбен жұмыс істейді, ол қыста және маусымаралық кезеңде жылу берсе, ыстық сумен тәулік бойы және жыл бойы қамтамасыз етеді. Жылудың жылдық өнімі - 44512 Гкал/жыл.

"Сондай-ақ "ТК 18-3-тен ЖЭО-1-ге дейінгі ТМ-ЖЭО-2 - ЖЭО-1 (Гүлдер) жылу магистралін реконструкциялау" жобасын іске асыру үшін мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер өткізіліп жатыр", - деп толықтырды энергетика басқармасы.

Бұл жобалар желілердің тозуын, апаттар мен жылу шығынын азайтуы тиіс.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Алматы Коммуналдық қызметтер ЖЭО жылу желілері Жылу энергиясы жылыту маусымы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью