Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген ресейлік стримерлер 15 тәулікке қамалды

08.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматыда қазақ қыздарына қатысты балағат сөздер айтқан ресейлік танымал стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренатко 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Олар тікелей эфир кезінде қазақстандық қыздарды қорлайтын сөздер айтқан. Аталған деректі сол сәтте қастарында болған Равшан есімді стример де растады. Ол болған жағдай үшін көпшілік алдында кешірім сұрады.

Полиция екі шетелдік азаматқа қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді. Сот шешімімен екеуіне де 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалды.

Құқық қорғау органдары әлеуметтік желідегі әрбір сөз бен әрекет заң аясында бағаланатынын ескертті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью