Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
2026 жылғы 14 наурызда Алматы қаласында Қазақстан кинологтар одағы қазақтың ұлттық ит тұқымы – қазақы тазыға арналған кинологиялық іс-шаралар маусымын ашты. Осы күні моно тұқымдық көрме және тұқымдық байқау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шара үш барлық тұқымды көрмемен қатар өткізілді, бұл қазақы тазыны кәсіби кинологиялық қауымдастыққа кеңінен таныстыруға, сондай-ақ Беларусь, Ресей және Әзербайжаннан келген халықаралық сарапшыларды тұқыммен және оны сараптау ерекшеліктерімен таныстыруға мүмкіндік берді.
Іс-шараларға 100-ден астам иті тіркелді. Бұл тұқымға деген жоғары қызығушылықты, оның санының артып келе жатқанын және асыл тұқымдық жұмыстың белсенді дамуын көрсетеді.
Моно тұқымдық көрме барысында сарапшылар иттерге бағалау жүргізіп, тұқымның үздік өкілдерін анықтады. Ал тұқымдық байқау иттердің стандартқа сәйкестігін тексеруге, олардың асыл тұқымдық сапаларын бағалауға, сондай-ақ бұрын есепке алынбаған иттерді тіркеуге мүмкіндік берді.
«Тазы баптаушыларі үшін бұл өз иттерін көрсетіп қана қоймай, кәсіби баға алуға, асыл тұқымдық жұмыстың нәтижелерін стандарт талаптарымен салыстыруға және өсірудің алдағы бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды тәжірибелік алаң. Мұндай іс-шаралар асыл тұқымдық жұмысты жақсартуға, қазақы тазыны дамытуға және насихаттауға, сондай-ақ оны Қазақстанның ұлттық бренді ретінде толыққанды халықаралық деңгейде мойындатуға бағытталған», деді Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали.
Көрме жеңімпаздары:
Үздік күшік – Сүрік; Үздік юниор – Табиғат; Үздік арлан ит – Хан; Үздік ұрғашы ит – Жұлдыз, сондай-ақ ол көрменің үздік тазысы деп танылды.Қазақы тазыны сақтау және дамыту жұмысы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік органдардың қолдауымен жалғасып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
Алматыда қазақы тазыға арналған кинологиялық іс-шаралар маусымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:31
GIZ Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігіне 240 жаңа техника береді
Қоғам • Бүгін, 19:20
Ұшқышсыз ұшу аппараттары құтқарушылардың жұмысын қалай жеңілдетті?
Қоғам • Бүгін, 18:39
Соңғы 5 жылда ғылымға салынған инвестиция бес есе артты
Қазақстан • Бүгін, 18:30
Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 68%-ы Қазақстанға тиесілі
Инвестиция • Бүгін, 18:18
Азия чемпионаты: Қазақстан триатлоншылары екі медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:37
Елімізде үш ауысымды мектептер саны 4 есе қысқарды
Білім • Бүгін, 17:23
Digital Qazaqstan: Энергетика инфрақұрылымы онлайн жүйеге біріктірілді
Энергетика • Бүгін, 17:12
«Келешек мектептері»: Елімізде үш жылда 217 мектеп салынды
Білім • Бүгін, 16:41
Наурыздағы ҰБТ: Семейлік оқушы Ерасыл Сайлауов 140 балл жинады
Білім • Бүгін, 16:36
Елде таңбаланған дәрілердің үлесі 40%-ға жетті
Медицина • Бүгін, 16:31
Көкшетауда заманауи көпбейінді аурухана бой көтереді
Медицина • Бүгін, 15:33
Солтүстік Қазақстанда донор үш пациенттің өмірін сақтап қалды
Медицина • Бүгін, 15:22
Ұлттық каталогта тіркелген тауар саны 20 миллионға жетті
Қаржы • Бүгін, 15:09
Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды
Қоғам • Бүгін, 14:32