Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Данияр Мүсіров
Қаладағы бірнеше құрылысты тексерген кезде төрт компания лицензиясынан айырылып, 350 құрылыс компаниясының лицензиясының қолданылуы тоқтатылды. Құрылыс қызметімен айналысатын 437 мекемеге қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысымен айналысатын мердігер ұйымдардың қызметіне ерекше назар аударылды.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, мысалы «SK BEST Spec Story KZ» ЖШС жобалау қызметінің І санаттағы мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Сонымен бірге «Отау-Құрмет» ЖШС мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ЕҰ құрылыс саласындағы жұмысын тоқтатты. Ал «Сәулет Құрылыс Консалтингі» ЖШС лицензиясының жекелеген қосалқы түрінің күші жойылды.
Алматыда 56 құрылыс компаниясы жалған құжатпен тендерге қатысқан
Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Алматыда өз біліктілігін дәлелдей алатын, белгіленген талаптарды сақтайтын және құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ететін компаниялар ғана жұмыс істей алатынын ескертті.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылған болатын. Олардың басым бөлігі әлеуметтік нысандардың құрылысымен айналысқан.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда 2024 жылы құрылыс компаниясы тұрғын үй кешені мен мектеп салу үшін 2 мыңнан астам ағашты кесіп тастаған болатын. Сол кезде полиция заңсыз ағаш кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.