Алматыда құрылыс заттарын сататын дүкен өртенді

23.01.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің дерегіне сүйенсек, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жетті.

"Тексеру барысында бір қабатты құрылыс материалдары дүкенінің шатырында өрт болып жатқаны анықталды. Қалың түтін салдарынан өрттің ғимараттың шатыры арқылы таралу және оған жапсарлас әкімшілік ғимаратқа өту қаупі туындады. Өрттің шығу ошағын анықтап, жою үшін өрт сөндірушілер бензорездің көмегімен шатырды ашу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жапсарлас әкімшілік ғимаратты қорғау және өртті сөндіру үшін өрт сөндіру оқпандары берілді. Оқиға орнында өртті сөндіру жұмыстарын ТЖД басшысы басқарды",- делінген ақпаратта.

Жедел қабылданған әрекеттердің нәтижесінде дүкен иелерінің мүлкін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Зардап шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (@112almaty)

Бұған дейін Алматыда қалың қарда көлік қарсы жолаққа шығып кеткенін жазғанбыз. Жол апатынан жолаушы жарақат алды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью