Алматыда құрылысы аяқталмаған 5 қабатты ғимарат бұзылып жатыр

13.04.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

– Кейін басқарма аяқталмаған құрылысты бұзу туралы талап арызды Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолдаған. Сот талап арызды қанағаттандырып, қалалық сот бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды, - делінген хабарламада.

2025 жылы 21 шілдеде Әділет департаменті атқарушылық іс жүргізу қозғады.Бүгін, 2026 жылғы 13 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ұзаққа созылған сот процесінен кейін 4 қабатты ғимарат бұзылып жатқанын жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью