Алматыда Қытай мен Өзбекстанда даулы видео түсірген блогерге қатысты іс қозғалды

23.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Блогер қыз қоғамдық орындарында бейтаныс жігіттердің аяқ-қолынан ұстап, өз әрекетін видеоға түсірген. Қытайда түсірілген пранктен кейін Алматы полициясы блогермен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Дегенмен, біраз уақыттан кейін ол Өзбекстанда дәл осындай сипатта түсірілген бейнежазбаларын қайта жариялады. Алматы қаласының полиция департаменті блогердің бұл әрекетіне қатысты тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

— А. есімді азаматша Өзбекстан метросында өз іс-әрекетін бейнежазбаға түсіріп, жолаушыларға әдейі тиіскен және сол жазбаны жеке парақшаларында жариялаған. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілді. Аталған азаматша бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда ол тиісті қорытынды шығармағаны байқалады, — деп хабарлады полициядан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аружан Айбекова (@ia_aruzhan)

Еске салайық, бұған дейін Алматыда мылқау такси жүргізушісіне құрметсіздік танытқан блогер полицияға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью