Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы №1/1-85 қаулысына сәйкес, Райымбек даңғылын Жетісу көшесінен Шығыс айналма автомобиль жолына дейін ұзарту үшін мемлекет мұқтажына 54 жер учаскесі алынады. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.
Меншік иелеріне Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте өтемақы төлеуді қамтамасыз етеді. Жер телімдері толықтай алынғаннан кейін Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының теңгеріміне беріледі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 2026 жылы қандай көшелер ұзартылатынын жазғанбыз. Олардың қатарында Саин көшесі (Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін), Абай даңғылы (қала шекарасынан Үлкен Алматы айналма жолына дейін), Төле би көшесі (Ясауи көшесінен қала шекарасына дейін), Тілендиев көшесі (Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін), Жұбанов көшесі (Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін), Райымбек батыр даңғылы (Жетісу көшесінен Шығыс айналма автокөлік жолына дейін) бар.