Алматыда референдум барысын 1300 ден астам тәуелсіз бақылаушы қадағалап отыр

15.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматы қаласындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығында тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабының кезекті брифингі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистермен жүздескен «Social Project Management» орталығы қоғамдық ұйымының мүшесі Ерлан Тәңірбергенов пен Ауған ардагерлерін үйлестіру кеңесінің мүшесі Мақсат Мамадияров референдумның өту барысы туралы мәліметпен бөлісті.

Брифингке қатысушылар Алматы тұрғындарының ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға белсенді үлес қосып жатқанын атап өтті. Дегенмен сарапшылардың болжамынша, дауыс берушілердің легі түстен кейін қарқын алмақ. Қала аумағында барлығы 1300-ден астам тәуелсіз байқаушы референдумның әр сәтін қалт жібермей қадағалап отыр. Сондай-ақ қаланың барлық аудандарынан 80-ге тарта маман соңғы ақпараттарды жедел штабқа жолдап отыр.

Ваагн Овакимян: Қазақстан халқының ауызбіршілігіне тәнті болдым

Мақсат Мамадияровтың айтуынша, тәуелсіз бақылаушылар таңғы сағат 07:00-ден бастап барлық референдум учаскесінде жұмысын бастаған.

«Қазір біздің 1308 тәуелсіз бақылаушымыз учаскелерде жұмыс істеп отыр. Сонымен қатар 654 капитан бақылау процесін үйлестіреді. Бұдан бөлек, мобильді топтар да бар. Қазіргі уақытқа дейін қандай да бір заңға томпақ әрекет тіркелген жоқ. Алматы тұрғындарының белсенділігі таңнан басталды. Бұл бізді қуантады. Дауыс беру нәтижелері мен қатысу көрсеткіші туралы ақпаратты кешке жариялаймыз», деді Мақсат Мамадияров.

Спикерлер азаматтарды арандатушылықтарға сенбеуге шақырып, тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне назар аударуға кеңес берді.

«Біз барлық учаскені жіті бақылап отырмыз. Қандай да бір заңбұзушылық анықталған жағдайда, бұл туралы сенімді ақпарат көздері арқылы хабарлаймыз. Референдум барысында түрлі әсерлі сәттерге куә болдық. Мәселен, бүгін 18 жастағы алматылық өз туған күнінде келіп, тарихи таңдауға үн қосты. Тағы бір 101 жастағы әжей референдумға өз аяғымен келіп, елімізге баянды бақ тілеп, бата берді», дейді Ерлан Тәңірбергенов.

Республика бойынша 4,6 млн-нан астам адам дауыс берді

Соңғы жаңалықтар

Вице-Президент лауазымы не үшін қажет? Мемлекет басшысы жауап берді

Президент • Бүгін, 13:29

Тоқаев: Кез келген қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді жақтаймыз

Президент • Бүгін, 13:25

Қостанайда 100 жастағы қарт майдангер дауыс берді 

Референдум • Бүгін, 13:20

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл Конституция елімізді ілгерілетініне ешқандай күмәнім жоқ

Президент • Бүгін, 13:14

Бір әулеттің 70 мүшесі референдумда дауыс берді

Референдум • Бүгін, 13:06

Жетісуда қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетіп жатыр

Референдум • Бүгін, 13:02

Виталий Изак: Балаларым референдумның маңызын санасына сіңіргенін қалаймын

Референдум • Бүгін, 12:59

Өнерлі отбасы ел болашағы үшін дауыс берді

Референдум • Бүгін, 12:57

Ақмола облысында қарт жауынгер де өз таңдауын жасады

Референдум • Бүгін, 12:53

«Такси апа» таңдау жасады

Референдум • Бүгін, 12:51

Алматының Наурызбай ауданындағы референдум учаскесіне батырлар келді

Референдум • Бүгін, 12:40

Ұландар алғашқылардың бірі болып дауыс беріп, қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті

Референдум • Бүгін, 12:39

Есік қаласындағы референдум учаскесіне «Алтын адам» келді

Референдум • Бүгін, 12:33

Атыраудағы «Теңіз» кен орнында 10 мыңнан астам адам дауыс беріп жатыр

Референдум • Бүгін, 12:33

Қостанай облысының әкімі дауыс берді

Референдум • Бүгін, 12:30

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью