Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Апат орнынан түсірілген бейнекадрлар Telegram-арналардың бірінде жарияланған.
Қалалық полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 19:20-да Бостандық ауданында болған.
"Mercedes маркалы автокөлік жүргізушісі Есеналиев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, сол көшемен батыс бағытта қозғалып келе жатқан Yutong маркалы автобуспен соқтығысқан", – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы жарақат алып, оларға уақытылы медициналық көмек көрсетілді.
"Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр", – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Жетісу облысында жол апатынан бес адам көз жұмғанын жазғанбыз.