Алматыда Рысқұлбеков көшесі қайтадан жабылатын болды

25.06.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Атап айтқанда, 26 маусым күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейінгі аралықта Мұстафин көшесінен Саин көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс толықтай жабылады.

Сурет: t.me/AlmatyJoly

"Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Осыған байланысты тұрғындардан жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Еске салайық, жол қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" сервистерінде жарияланады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью