Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Алматыда қаланың маңызды нысандарының бірі – Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын реконструкциялау жұмыстары аяқталып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"40 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеген"
Бұл мәдени нысан Алматыдағы ең көп талқыланған реконструкция жобаларының біріне айналды. 2025 жылдың наурызында басталған жұмыстар қала тұрғындарының қызығушылығын тудырды. Бұған ғимараттың 40 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеуден өтпегені және көпшіліктің оның тарихи келбеті жоғалып кете ме деп қауіптенуі себеп болды.
Анықтама: Алматыдағы Наталья Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ғимараты 1981 жылы салынған және ол жергілікті маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштеріне жатады.
Толығырақ мәліметті қалалық құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов айтып берді.
"Құрылыс басқармасы – тапсырыс беруші. Келісімшарт бойынша мерзіміміз қыркүйек болатын, бірақ біз жұмысты ертерек аяқтап, қазірдің өзінде мемлекеттік комиссия актісіне қол қойып жатырмыз. Яғни, нысан аяқталу сатысында тұр", - деді құрылыс басқармасының басшысы.
Бастапқыда театрды реконструкциялауды 2026 жылдың шілдесінде аяқтау жоспарланған болатын. Нысанның ақпараттық паспортында да осы мерзім көрсетілген еді. Енді жұмыстар қыркүйекте толық аяқталмақ.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Театрды реконструкциялауға қанша қаражат бөлінді?Бұған дейін нысанды жаңғыртуға 21,7 миллиард теңге бөлінгені, ал мердігер мекеме "Alem Qurylys AQ" ЖШС болғаны хабарланған еді.
Жоба тарихи ғимаратты жаңартуды ғана емес, 200 орындық камералық залы, грим бөлмелері, шеберханалары, театр цехтарына арналған бөлмелер мен декорация сақтайтын қоймалары бар жаңа жапсарлас құрылыс салуды қарастырады.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Кейін жапсарлас құрылыстың қасбет жобасына түзетулер енгізілді, алайда әкімдік бұл өзгерістер жұмыс құнына әсер етпегенін мәлімдеді. Мердігер ғимараттың тарихи келбеті сақталатынына сендірді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу