Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Алматыда белгілі кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның өліміне қатысы бар делінген клиниканы тексеру басталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлайды TengriHealth.
Алматыда белгілі кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның өліміне қатысы бар делінген клиниканы тексеру басталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлайды TengriHealth.
Алматыдағы клиниканы тексеру: емделуші қайтыс болғаннан кейін комиссия құрылдыЖурналистер бұған дейін ота кезінде емделуші көз жұмған Алматыдағы жекеменшік клиниканы тексеруге қатысты ақпаратты нақтылап сұрады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл факт бойынша комиссия құрылып, тексеру басталғанын хабарлады.
"Бұл клиника бойынша тиісті комиссия құрылды. Бүгін ол клиникаға тексерумен барды. Біз комиссия құрамын жасақтап, тәуелсіз сарапшыларды тарттық. Сонымен қатар бір маман орталық аппараттан іссапармен жіберілді", - деді Жүсіпов.
Оның айтуынша, комиссия клиникаға барған сәттен бастап жұмысқа кіріскен. Ал тексерудің қашан аяқталатыны әзірге белгісіз.
Маңғыстаудағы іс: материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды"Мұның бәрі іс материалдарына байланысты... Біз тәуелсіз сарапшылардың қорытындысын күтеміз", - деп атап өтті ол.
Комитет өкілі пластикалық ота жасату үшін хирургиялық клиникаға жүгінген Маңғыстау облыстық мәслихаты депутатының өліміне қатысты тағы бір резонанстық оқиға бойынша пікір білдірді.
"Онда клиникаға қатысты тексеру жүргізілді. Ол аяқталды. Біз бұл материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына өткіздік. Қазір құқықтық баға беріліп жатыр", - деді Жүсіпов.
Оның сөзінше, бұл іс бойынша қорытынды құқық қорғау органдарының шешімінен кейін шығарылады.
500-ге жуық тексеріс және лицензияларды өз еркімен қайтаруБұдан бөлек, Жүсіповке стоматологиялық клиникаларды ауқымды тексеру туралы сұрақ қойылды. Ол 104 ұйым лицензияларын өз еркімен қайтарғанын, тағы 38 материал бойынша іс сотқа жіберілгенін айтты.
"Жалпы алғанда 500-ге жуық тексеріс аяқталды. 104 клиника, стоматологиялық клиника... лицензиясын өз еркімен қайтарды. 38 клиника бойынша материалдарды сот органдарына тапсырдық", - деді Жүсіпов Сенат кулуарында.
Ол Қазақстанда лицензияны кері қайтарып алудың екі жолы бар екенін нақтылады.
"Бізде қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензияны қайтарып алу екі жолмен жүзеге асырылады: бұл не иесінің өз шешімімен, не сот шешімімен болады", - деп түсіндірді ол.
Журналистердің нақтылау сұрағына жауап бере отырып, ДСМ өкілі мәселе клиникалардың бір бөлігі жұмысын іс жүзінде тоқтатқаны туралы болып отырғанын растады.
Пластикалық хирургия: жүздеген ұйым және тексерістер"104 клиника жабылды, олар бұл лицензияны өз еркімен қайтарды", - деді ол.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі пластикалық хирургия саласындағы жағдайға жеке тоқталды.
Комитет мәліметінше, Қазақстанда 295 ұйымның пластикалық хирургия бойынша қызмет көрсетуге лицензиясы бар, оның 247-сі жекеменшік.
"Кейінгі 5 жылда біз 92 жоспардан тыс тексеріс жүргіздік... Әртүрлі заңбұзушылық анықталды... Тиісті адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Жүсіпов.
Еске салсақ, таяуда Алматыда пластикалық ота кезінде блогер Сәуле Базархан көз жұмған болатын. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Сондай-ақ Ақтауда липосакция жасату үшін жекеменшік клиникаға жүгінген емделуші қайтыс болған еді. Оның өлімінің мән-жайы әзірге белгісіз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу