Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Алматы тұрғыны Түрксіб ауданында орналасқаны айтылған "құпия су айдыны" туралы айтып берді. Оның сөзінше, мұнда балық өте көп. Tengri Travel бұл қандай су айдыны екенін және онда балық аулауға болатын-болмайтынын анықтап көрді.
"Құпия орын ба?"
Алматы тұрғындарының бірі әлеуметтік желіде, өзінің айтуынша, Түрксіб ауданында орналасқан су айдыны түсірілген видео жариялады. Ролик авторы онда балықтың көп екенін айтады. Атап айтқанда, ол сазан, жайын және ақ амурларды байқаған.
Балығы көп "құпия су айдыны". Скриншот: Threads
Алайда қазір бұл жазба қолжетімсіз.
Су ресурстары және ирригация министрлігі не дейді?Біз Су ресурстары және ирригация министрлігіне сұрау салдық. Ведомство бұл орынның шынымен де Алматыда орналасқанын және оның атауы "ҚазӨЖС тоғандар каскады" екенін хабарлады.
Министрлік мәліметінше, су айдыны балық өсіру және жерсіндірумен айналысқан Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясының (ҚазӨЖС) қызметіне байланысты.
22 қыркүйекте Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының мамандары аталған жерге барды. Мамандар аумақты және су нысанын тексерді. Нысанның әлі күнге дейін жасанды су қоймалары жүйесі - тоғандар каскады екені анықталды.
Балық аулауға бола ма?Бұл ретте Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы мұнда балық аулауға болатынын не болмайтынын нақты айта алмады.
Ведомство мәліметінше, бұл су айдыны халықаралық, республикалық немесе жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне кірмейді және балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорына жатпайды.
Осыған байланысты, бұл тоғанға белгіленген норма шегінде - бір барғанда бес келіге дейін тегін әуесқойлық балық аулау ережесі қолданылмайды.
"Сіздің өтінішіңізде көрсетілген су айдыны халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне енгізілмегендіктен және балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорына жатпайтындықтан, Балық аулау қағидаларының 4-тарауының 20-тармағының ережелері аталған су нысанына қатысты қолданылмайды", - деді ведомстводағылар.
Осылайша, қазіргі уақытта тоғанның кімге тиесілі екенін және оны күтіп ұстауға кім жауапты екенін анықтау мүмкін болмады. Біз пікір алу үшін әкімдікке жүгіндік.
Алайда егер нысан балық шаруашылығы су айдындарына жатпаса, бұл оның аумағында бақылаусыз балық аулауға, қоқыс тастауға немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге болады дегенді білдірмейтінін есте сақтаған жөн.
Келушілер су айдындары маңында қарапайым ережелерді сақтауы тиіс: аумақты ластамау, демалыстан кейін қалдықтарды қалдырмау және жануарлар мен құстарға зиян келтірмеу керек. Өлі жануарлар табылған, су ластанған немесе басқа да заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, мамандар оқиғаның себептерін анықтап, қажетті шараларды қолдануы үшін тиісті қызметтерге хабарлаған дұрыс.
Тағы оқыңыз: Ғалымдар Каспий теңізінен балықтың жаңа түрін тапты
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу