Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қару иесінің айтуынша, ол мылтықты биыл көктемде Іле өзені маңындағы аумақта аңшылық кезінде тауып алып, үйіне әкеліп, полицияға хабарламай және қаруды өз еркімен тапсырмай, сейфте сақтаған.
"Полицияның ақпараттық базалары бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде анықталған қарудың 2018 жылдан бері іздеуде тұрғаны және бұған дейін тіркелген қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде танылғаны белгілі болды. Қару тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Полиция табылған қаруды өзіңізде сақтауға немесе алып жүруге болмайтынын, мұндай жағдайда дереу полицияға хабарлау қажеттігін ескертеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)