Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматыда «Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында сэндвич-панельдер өндіретін инвестициялық жоба іске қосылды.
Жобаны Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрамындағы Almaty Finance қаржыландырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Жоба операторы East Star Com.kz компаниясына 2025 жылғы желтоқсанда 7 жыл мерзімге жылдық 6 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен 480 млн теңге бөлінді.
Инвестицияның жалпы көлемі 1,5 млрд теңгеге жетеді, соның 1 млрд теңгесі компанияның өз қаражаты есебінен бағытталады.
Қасым-Жомарт Тоқаев KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді Өндірістік кешен Алматының Индустриялық аймағында орналасады.
Жоба аясында бір ауысымда 3 мың шаршы метрге дейін өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық желі сатып алынып, пайдалануға беріледі.
Сэндвич-панельдер өрт және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары талаптарына сай, кәсіпорынның өзінде өндірілетін минералды жылу оқшаулағыш материалдарды қолдана отырып дайындалады.