Алматыда шетелдіктер заңсыз алған жер қайтарылды

20.10.2025

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматы прокуратурасы 71,9 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы прокуратурасы 71,9 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңды тұлғаның заңсыз иелігіндегі 72 гектар жер қайтарылған. Ал заңды тұлғаның құрылтайшысы шетелдік компания болып шыққан. Бұл жер ауыл шаруашылығы мақсатына арналған.

"Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны анықталды, себебі шетелдіктер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге иелік ете алмайды", - деп жазылған хабарламада.

Осылайша құны 5,9 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью