Алматыда Шымбұлақ тау курортының арқан жолдары мамыр айына дейін жабылды

13.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Курорт мәліметінше, келесі күндері профилактика жүргізіледі:

* К-2 арқан жолы. 9 сәуір — 30 сәуір;

* М-1, К-1 арқан жолдары. 13 сәуір — 30 сәуір;

* ККД-4 арқан жолы. 16 сәуір — 30 сәуір.

- 13 сәуірден бастап курортқа тек эко-автобустар немесе таксимен ғана баруға болады. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, - деп хабарлады курорт баспасөз қызметі.

Сондай-ақ 10 сәуірден 30 маусымға дейін Шымбұлаққа баратын жол сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін және сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін жабық. Тау етегінде жартас жару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Шымбұлақта қысқы маусым былтыр желтоқсан айында ашылған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью