Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Алматыда ерекше қорғалатын табиғи аумаққа іштен жану қозғалтқышы бар автомобильдердің кіруін шектеу ұсынылды. Мәслихат сессиясында шешім жобасын Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Аршат Аманбайұлы Бахтыгереев таныстырды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Жаңа тәртіптің қажеттілігі Конституциялық Соттың 2026 жылғы 12 маусымдағы шешімінен кейін туындаған. Сот әкімдіктің 2016 жылғы қаулысымен белгіленген бұрынғы шектеуді Конституцияға сәйкес емес деп танып, мұндай шешімдер мәслихаттың құзыретіне жататынын және тұрғындардың құқықтарын ескеруі тиіс екенін көрсетті.
"Біз тек бұрынғы тәртіпті сақтап қана қоймай, экологиялық жағдайды, заңнама талаптарын және тұрғындардың құқықтарын ескере отырып, көлік жүктемесін реттеудің заңды механизмін орнатуды ұсынамыз", - деп атап өтті Аршат Бахтыгереев.
Бахтыгереевтің айтуынша, қазіргі уақытта аумақтағы көлік жүктемесі жоғары деңгейде қалып отыр: бақылау-өткізу пункті арқылы күн сайын 700-ден астам көлік құралы өтеді.
2026 жылдың сегіз айында БӨП арқылы 179 мыңнан астам көлік құралы өткен. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылы барлығы 76 мыңға жуық көлік өткені тіркелген болатын.
Басқарма өкілінің сөзінше, жоғары көлік жүктемесі табиғи кешенге антропогендік әсерді күшейтеді. Атап айтқанда, әңгіме ауаның пайдаланылған газдармен ластануы және рекреациялық жүктеменің артуы туралы болып отыр.
Қандай көліктерге шектеу қойылмақШешім жобасымен іштен жану қозғалтқыштары бар көлік құралдарының кіруін шектеу ұсынылады. Бұл ретте билік аумақта орналасқан тұрғындар мен ұйымдардың мүдделерін ескереді (ол жерде 48 тұрғын үй, "Қазгидрометтің" үш қызметтік ғимараты, "Қазселденқорғаудың" екі қызметтік ғимараты, сондай-ақ Шымбұлақ шатқалының нысандары орналасқан).
Электрмобильдер үшін бөлек режим қарастырылған. Жұмыс күндері олардың кіруіне рұқсат беру жоспарланып отыр. Ал демалыс және мереке күндері көлік жүктемесінің артуын ескере отырып, шектеулер электрмобильдерге де қолданылатын болады.
Бахтыгереевтің айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер заңнама талаптарын, экологиялық жағдайды және Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы көлік жүктемесін реттеудің жаңа тәртібін орнатуға бағытталған.
Алматы мәслихатының депутаттары "Медеу" өңірлік табиғи паркі мен "Шымбұлақ" шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы шешім жобасын қолдады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу