Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Алматыда дәмханаға жапсарлас салынған заңсыз құрылыс бұзылып жатыр. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, мегаполисте Төле би көшесі, 182 мекенжайында орналасқан дәмхана жанына заңсыз салынған қосалқы нысанды мәжбүрлі түрде бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, кейін заңбұзушылық дерегі бойынша материалдар сотқа жолданған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен нысан иесіне әкімшілік айыппұл салынып, заңсыз қосалқы нысанды мәжбүрлі түрде бұзу туралы шешім шығарылды.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кейін нысан иесі бұл шешімге шағымданғанымен, Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Қазіргі уақытта сот шешімін орындау мақсатында жапсарлас құрылысты бұзу жұмыстары басталды.
Еске салайық, шілдеде Алматының Медеу ауданында тағы бір заңсыз нысан сүрілген болатын. Сот шешімімен Бегалин көшесі, 140 мекенжайындағы үйге жалғанған екі қабатты жапсарлас құрылыс бұзылды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу