Алматыда стоматологиялық клиника 4,5 мыңнан астам адамға жалған қызмет көрсеткен

05.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Алматы облысында тегін медициналық көмек аясында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеу аяқталды.

Жеке стоматологиялық клиникаларының директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ-пен жалпы сомасы 450 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасасқан.

Шарт талаптарына сәйкес клиникалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде азаматтарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуге міндеттенген.

"Алайда күдікті медициналық ақпараттық "Damumed" жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізуді ұйымдастырған. Нақтысында аталған медициналық қызметтер пациенттерге көрсетілмеген", - деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.

Заңсыз әрекеттеріне заңдылық сипат беру мақсатында күдікті дәрігерлердің есептік жазбаларын, сондай-ақ клиникаларға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған.

Нәтижесінде ортодонтиялық көмек көрсетудің 4 597 расталмаған жағдайы анықталды. Келтірілген залал сомасы 66 млн теңгені құрады.

"Сот санкциясымен банктік шоттардағы 23 млн теңге көлеміндегі қаражатқа, сондай-ақ құны 29 млн теңгеге стоматологиялық жабдықтарға тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында күдікті 11 млн теңге көлемінде залалды өтеген.

Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью