Алматыда су үнемдеу талабын сақтамаған 40 қа жуық көлік жуу орны жабылды | Qazaq24.com
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Су үнемдеу талаптарын орындамаған Алматыдағы бірқатар көлік жуу орындарының қызметі уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Информбюроға сілтеме жасап.
Қолданылған суды қайта пайдалануға арналған қондырғы орнатпаған кәсіпкерлерге Алматы Су ауыз су беруді доғарған.
Қала бойынша 40-қа жуық көлік жуу нысаны жабылған. Алматыда 500-ден астам көлік жуу бекеті бар.
Су кодексінің талаптары күшейгеннен кейін ауыз суды пайдаланатын кәсіпкерлерге кір суды тазалап, қайта қолдануға мүмкіндік беретін арнайы жүйе орнату міндеттелген.
Алайда талапты орындамаған нысандарға су беру уақытша тоқтатылған.
Көлік жуу орындарының қызметкерлері жаңа талаптың қаржылық шығыны жоғары екенін айтқанымен, кәсібін сақтап қалу үшін көпшілігі су тазарту қондырғыларын орната бастаған.
«Алматы Су» мәліметінше, 500-ден астам кәсіпкерге ескерту жасалған.
Читать полностью
Читать новость