Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алматыда сүндеттелген баланың ата-анасы жарты жылдан бері аурухана жағалап жүр. Себебі баласының жыныс мүшесі сүндеттелгеннен кейін асқына бастап, некрозға ұшыраған, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөзден
Баланың ата-анасы бұл жағдайға хирургты кінәлап отыр. Әкесі Дастан Бейсеновтің айтуынша, баласы Омарда аутизм белгілері болғандықтан көктамыр арқылы дәрі қабылдауға болмайды. Ал баланы сүндеттеген жеке клиника бұл процесс маскалық наркозбен жасалатынын айтып, сендірген.
ktk.kz хабарлауынша, операция сәтті өткенімен, әкесі баласының қолынан ине іздерін байқаған.
«Оған газ арқылы берілетін наркоз қажет еді. Бір сағаттан кейін шықты, ұйқылы-ояу күйде болды. Бірақ екі қолындағы тамырында ине іздері бар екен. Хирург Туғанбаев Жәнібек мазасызданып шықты. «Үш-төрт күн таңуға келіп жүріңдер» деді. Үшінші күні баланың жыныс мүшесінің басы қарайып кетті. Кейін «өздерің марганцовкаға салғансыңдар» деп, кінәні бізге аудара бастады», дейді Дастан Бейсенов.
БҚО-дағы мектеп автобусы апаты: 24 бала ауруханаға жеткізілді
Туыстары операция кезінде медициналық талаптар сақталмаған деп есептейді. Нәтижесінде баланың жыныс мүшесінің тіндері жансыздана бастаған. Бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, дәрігерлер оған «тін некрозы» диагнозын қойған және қосымша ота жасаған. Қазір бала дәретке қалыпты түрде отыра алмайды.
Отбасы кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне шағым түсірген.
Ал операцияны жасаған хирург өз кінәсін мойындамайды. Оның айтуынша, асқынулар науқас ауруханадан шыққаннан кейін туындауы мүмкін.
«Егер бұл хирургтың немесе анестезиологтың қателігі болса алғашқы тәулікте байқалар еді. Бала кіші дәретке отыра алмай, ісіну, қабыну белгілері көрінер еді. Мұндай жағдайлар алғашқы үш күнде болған жоқ. Кейін анасының айтуынша, сенбі не жексенбі күні марганцовка қолданған. Оның ерітіндісі әлсіз болуы керек. Қалай пайдаланғандарын білмеймін, сондықтан баға бере алмаймын», дейді хириург.
Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген қызметкер ауруханада қайтыс болды
Баланың туыстары олардың шағымы бірнеше ай бойы қаралғанымен, нақты тексеріс әлі басталмағанын айтып отыр. Ал даулы жағдайға қатысы бар клиника осы уақыт ішінде жабылып үлгерген.
Соңғы жаңалықтар
Өнеркәсіптегі кооперация: Қазақстан мен ЕЭК бірлескен жобаларды талқылады
Экономика • Бүгін, 11:12
Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер: 16 мыңнан астам адам тізімнен шығарылды
Қоғам • Бүгін, 11:01
Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: Командирдің салғырттығы бойынша тергеу аяқталды
Заң • Бүгін, 10:41
Алматы әуежайындағы автотұрақтар кеңейтіледі
Алматы • Бүгін, 10:30
Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды
Аймақтар • Бүгін, 10:22
Ұлттық орталық музейде айрықша сурет көрмесі ашылды
Руханият • Бүгін, 10:06
Ақ халатты алаяқтар көбейді: Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 10:04
Астанада қауіпті көше жарысын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:53
Үкімет жаңа тұжырымдаманы бекітті: Бокс саласында қандай өзгеріс болады?
Үкімет • Бүгін, 09:47
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Ауа райы • Бүгін, 09:32
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:18
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15
Әлем чемпионатына қатысатын командалар анықталды
Футбол • Бүгін, 09:10
«Елорда тазалығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік»
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:07
Ұлттық құрама – турнир жеңімпазы
Спорт • Бүгін, 09:05