Алматыда Таңбалы: Бабалар коды атты халықаралық көрме ашылады

31.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

2 сәуір күні сағат 15:00-де Алматы қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы ұйымдастырған «Таңбалы: Бабалар коды» атты халықаралық көрменің ашылу рәсімі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Экспозиция Таңбалы петроглифтерін заманауи өнер мен цифрлық технологиялар арқылы жаңа қырынан таныстыруды мақсат етеді. Жобаның басты ұстанымы – аутенттілікті сақтау және түпнұсқаны қорғау.

Арт-объектіде ежелгі петроглифтер «Бабалар коды» ретінде ұсынылады. Бұл – көне дүниетаным мен мифологияны, табиғат пен ғарыш туралы білімді жеткізетін ерекше символдық тіл. Иммерсивті мультимедиялық шешімдер келушілерге киелі кеңістіктің ерекше атмосферасын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ  келушілерге көрме каталогы мен петроглифтер негізінде әзірленген авторлық сувенирлік өнімдер ұсынылады.

Көрменің ашылуына Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның өңірлік өкілдері, жартас өнерін зерттейтін шетелдік жетекші мамандар, Бүкіләлемдік мұра нысандарының басшылары, сондай-ақ отандық археологтер, тарихшылар, этнологтер, мәдениеттанушылар, музей саласының мамандары, жалпы орта және жоғары білім беру ұйымдары мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысады деп күтілуде.

Көрме «Жартас суреттерін витринасыз ұсыну: жартас өнерін таныстыру және кеңінен насихаттаудың заманауи тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен қорытындыланады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью