Алматыда танымал оңтүстіккореялық телешоу түсірілді | Qazaq24.com
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматы Оңтүстік Кореядағы ең жоғары рейтингке ие жобалардың бірі «Менің кішкентай бойдақ жігітім» (SBS) телешоуының түсірілім алаңына айналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Түсірілімге танымал корей актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су қатысты.
Бағдарлама Алматы қаласы мен өңірдің негізгі туристік нысандарында, атап айтқанда Көктөбеде, Шымбұлақта, Медеуде, Көк базарда, Көлсай көлдерінде және өзге де көрнекті орында түсірілді.
Алматыға арналған шығарылым 2026 жылы ақпан айының басында SBS телеарнасынан эфирге шығарылады деп жоспарланған.
«Мені бұл өңірдің Кореяда кездеспейтін кең тынысты, тосын табиғи көріністері ерекше қызықтырды.
Алматы Кореядан алыс болмаса да, мұндағы табиғат мүлде бөлек әсер қалдырады.
Бұл ауасы таза, қала өмірі мен табиғат бір-бірімен табиғи үйлесім тауып, астасып жатқан қала.
Читать полностью
Читать новость