Алматыда танымал субұрқақтар неге жұмыс істемейді, әкімдік жауап берді

01.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматылықтар аптапта қаладағы кейбір субұрқақтар жұмыс істемей тұрғанына шағымданып жатыр. Алматы әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматылықтар аптапта қаладағы кейбір субұрқақтар жұмыс істемей тұрғанына шағымданып жатыр. Алматы әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тұрғындар неге шағымданып жатыр?

Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары жұмыс істемей тұрған субұрқақтардың суреттері мен видеоларын жариялап жатыр.

"Туристер көп, күн ыстық, ештеңе жұмыс істеп тұрған жоқ", – деп жазды қолданушылар.

Фото: Threads

Фото: Threads

Алматыда қанша субұрқақ жұмыс істейді?

Алматы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы қала теңгерімінде 66 субұрқақ кешені бар екенін мәлімдеді.

54 субұрқаққа қызмет көрсетіледі және олар жұмыс істеуі тиіс; 12 субұрқақ пайдаланудан шығарылған және күрделі жөндеуді қажет етеді.

"Жұмыс істемейтін субұрқақ кешендерін кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өткізіп, кейіннен пайдалануға беру жоспарланған. Бұл тиісті қаржыландыру бөлінген жағдайда жүзеге асырылады", – деп түсіндірді басқармадағылар.

Ведомство жұмыс істеп тұрған субұрқақтарға күн сайын қызмет көрсетілетініне сендірді: мердігер ұйымдар тоғандарды тазалайды, жабдықтарды, сүзу жүйелерін тексереді және қажет болған жағдайда ақауларды жояды.

"Қалалық субұрқақтарға шомылуға тыйым салынады"

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы қалалық субұрқақтарға шомылуға тыйым салынатынын еске салды.

"Субұрқақтар – инженерлік құрылыстар және олар шомылуға арналмаған. Пайдалану кезінде сорғы және электр жабдықтары жұмыс істейді, бұл пайдалану ережелері бұзылған немесе ақаулар туындаған жағдайда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін", – деп ескертті басқарма өкілдері.

Жақын арада қалалық субұрқақтарға шомылуға тыйым салатын қосымша тақтайшалар орнату уәде етілді.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

“Майами-Бичте жүрген жоқсыңдар“: Үлкен Алматы өзеніне шомылғандардың видеосы желіде қызу талқыланды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью