Алматыда таудан құлаған турист басынан жарақат алды

25.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ведомство мәліметінше, таңертең тауға көтерілген туристер өздігінен түсе алмай қалған.

Құтқару жұмыстары барысында туристердің біреуі құлап, басынан жарақат алғаны анықталды.

— Құтқарушылар туристер тобын қауіпсіз түрде таудан түсіріп, зардап шеккендерді Апаттар медицинасы орталығының автокөлігіне жеткізді. Оқиға орнында АМО дәрігерлері жарақат алған азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны әрі қарай тексеру және емдеу үшін медициналық мекемеге жөнелтті, — делінген хабарламада.

Фото: ТЖМ

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысына келетін туристерге жол бойындағы қарапайым жағдайлардың жасалмауы саланың дамуына қолбайлау болып тұрғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью