Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматы қаласындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығында тәуелсіз байқаушылардың Ақпараттық штабы мен алты үкіметтік емес ұйымды біріктірген тәуелсіз байқаушылар коалициясының алғашқы брифингі өтті. Кездесу барысында республикалық референдумның өту барысы, сондай-ақ еліміздің өңірлеріндегі байқаушылардың жұмысы туралы жедел ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Брифинг барысында референдум күні ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған штабтың жұмысы таныстырылды. Штабтың тікелей эфирі таңғы сағат 07:00-де басталып, дауыс беру аяқталып, алдын ала қорытындылар жарияланғанға дейін күні бойы жалғасатыны атап өтілді. Трансляция Independ.kz ақпарат агенттігінің YouTube арнасында, сондай-ақ Қоғамдық коммуникациялар орталығының ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында жүргізіліп жатыр.
Ақпараттық штабтың жұмысы туралы баяндаған Рафаэль Гасановтың айтуынша, референдум барысын бақылау мақсатында өңірлермен тұрақты байланыс орнатылған. Дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап тікелей қосылымдарға Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары (Орал қаласы) қосылған. Күн барысында өзге өңірлермен де байланыс орнату жоспарланып отырғаны айтылды.
Оның сөзінше, референдум барысы туралы ақпарат өңірлік үйлестірушілер арқылы байқаушылардан тұрақты түрде қабылданып отырады. Барлық мәліметтер ресми дереккөздер негізінде мониторингтен өткізіліп, тексерілгеннен кейін штабтың ақпараттық алаңдарында жедел түрде жарияланады. Бұл тәсіл қоғамға шынайы әрі тексерілген ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді.
«Ақпараттық штабтың негізгі міндеті – референдум барысы туралы қоғамды жедел әрі нақты ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мүмкін болатын ақпараттық арандатулар мен жалған хабарламалардың таралуына жол бермеу», деді Рафаэль Гасанов.
Брифингте айтылған мәліметке сәйкес, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша тәуелсіз байқаушылардың Ақпараттық штабына заңбұзушылықтар, ақпараттық арандатулар немесе жалған ақпараттың таралу фактілері туралы мәлімет түспеген.
Сонымен қатар өңірлік үйлестірушілер мен байқаушылардың ақпаратына сүйенсек, еліміздің түрлі аймақтарындағы дауыс беру учаскелерінде азаматтардың белсенділігі жоғары.
Байқаушылар референдумға қатысушылардың дауыс беру құқығын жүзеге асыру үшін учаскелерге тұрақты түрде келіп жатқанын тіркеп отыр. Бұл өз кезегінде қоғамның саяси белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің артып келе жатқанын көрсетеді.
ІІМ: Референдум кезінде елдегі жағдай полицияның толық бақылауына алынған
Айта кету керек, тәуелсіз байқаушылар коалициясы референдум барысының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында еліміздің әртүрлі өңірлерінде бақылау жүргізіліп жатыр. Ақпараттық штаб осы процестегі негізгі үйлестіру алаңы ретінде жұмыс істеп, қоғамды жедел әрі объективті ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.
Референдум барысындағы жаңартылған ақпараттар мен тікелей эфирді Independ.kz ақпарат агенттігінің YouTube арнасынан, сондай-ақ Қоғамдық коммуникациялар орталығының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көруге болады.
Соңғы жаңалықтар
Шымкентте ұландықтар референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс беруді аяқтады
Референдум • Бүгін, 10:33
Бекбаева: Учаскелерде ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасалды
Референдум • Бүгін, 10:33
Референдум күні Атырауда екі бірдей үшем дүниеге келді
Референдум • Бүгін, 10:20
Үш сағаттың ішінде 2 миллионнан астам адам дауыс берді
Референдум • Бүгін, 10:20
Алматыда тәуелсіз байқаушылар заңбұзушылықтар тіркелмегенін мәлімдеді
Референдум • Бүгін, 10:15
Маңғыстауда бір әулеттің келіндері референдумға қатысты
Референдум • Бүгін, 10:10
Маңғыстау облысында 261 референдум учаскесі ашылды
Референдум • Бүгін, 10:07
ІІМ: Референдум кезінде елдегі жағдай полицияның толық бақылауына алынған
Референдум • Бүгін, 10:06
101 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді
Референдум • Бүгін, 10:00
Референдум мен жәрмеңке бір жерде: Атырауда дауыс беру ерекше форматта өтіп жатыр
Референдум • Бүгін, 09:57
Қарағандыда үлгілі жұп референдумда таңдау жасады
Референдум • Бүгін, 09:55
Шиеліде даңқты диқанның 9 келіні дауыс берді
Референдум • Бүгін, 09:51
Бүгін еліміздің ірі қалаларында қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады
Референдум • Бүгін, 09:47
Референдум: Ұлытау облысында 127 учаске жұмысын бастады
Референдум • Бүгін, 09:46
Шетелдегі ел азаматтары референдумға қатысып жатыр
Референдум • Бүгін, 09:38